Музей экожүйесі: пандемия сабақтары» кәсіби сессиясы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «open space» форматында «Музей экожүйесі: пандемия сабақтары» кәсіби сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Елбасы кітапханасы  мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, еліміздегі жетекші музей мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылған іс-шара бүгінгі сынақтар тұсында Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтаудың, оны зерттеп, таныстырудың өзекті мәселелерін талқылауды көздейді.

 «Пандемия арқылы індет тұсында аман қалудың баға жетпес сабағын алдық. Біз жаңа форматта жұмыс істеу тәжірибесіне қол жеткізіп қана қоймай, жаңа тетіктер мен технологияларды енгізуді, ой көкжиегін кеңейту мен мәдениет саласын басқаруды үйрендік», - деді Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Шараға Ұлттық музей қызметкерлері қатысып, берілген тақырыпта ой қозғап, пікір алмасты.

Сессия 4 секцияға бөлінді:

• Музей басқару;
• Қор қызметі;
• Экспозиция қызметі;
• Экскурсия қызметі.

Сондай-ақ, сессия жұмысы аясында Елбасы кітапханасының «Музей құпиялары» қор көрмесі ұйымдастырылды.