Экскурсиялық жұмыс

Мәдени-ағарту қызметі музей және білім беру қызметін дамытуды, балалар мен ересектердің бос уақытын танымдық бағытта ұйымдастыруды жүзеге асырады. Экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері келушілермен музей жұмысының екі негізгі бағытын жүзеге асырады: оқу тәжірибесі және демалыс – оқу демалысын ұйымдастыру.

8426.jpg

ШОЛУ ЭКСКУРСИЯЛАР

Шолу экскурсия келушілерге музей коллекциясы, экспозициясы туралы жалпы түсінік береді. Шолу экскурсияда тас дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның мәдениеті мен тарихы баяндалады. Көп тақырыптарды қамтығандықтан көпжоспарлы болып келеді.

51984.jpg

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАР

Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Тақырыпты ашу үшін, бір немесе бірнеше экспозициялық залдарды қамтуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде атаулы күндерді мерекелеу аясында тақырыптық экскурсиялардың онкүндіктері мен апталықтары өткізіледі:

• «Тәуелсіз Қазақстан» залында Ғарышкерлер күніне арналған тақырыптық экскурсия;

• «13-20 ғғ. Қазақстан тарихы» залында Жеңіс күніне арналған тақырыптық экскурсия.

• «Нұр-Сұлтан» залында қала күніне арналған тақырыптық экскурсия;

• «Тәуелсіз Қазақстан» залында Конституция күніне арналған тақырыптық экскурсия;

• «13-20 ғғ.Қазақстан тарихы», «Тәуелсіз Қазақстан» және «Нұр-Сұлтан» залдарында Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық экскурсия.

8426.jpg

ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ЭКСКУРСИЯЛАР

Театрландырылған экскурсия музей экспозициясында арнайы костюмдерді, актерлік шеберлікті қолдана отырып өткізіледі.

• Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Наурыз» театрландырылған экскурсия;

• «Нұр-Сұлтан» залында қала күніне арналған театрландырылған экскурсия;

• «Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялары» залы бойынша театрландырылған экскурсия.

51984.jpg

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯЛАР

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін экскурсиялар балалар мен ересектер үшін, оның ішінде шетелдік келушілер үшін де өткізіледі. Барлық факторларды ескере отырып, арнайы маршруттар мен экскурсиялық мәтіндер жасалды.

ЭКСКУРСИЯ-САБАҚТАР

Экскурсия-сабақтар музей экспозициясында өтуі керек, себебі музей залдарындағы жәдігерлер мектеп бағдарламасындағы белгілі бір тақырыпты зерттеу бойынша қосымша көрнекі материал болып табылады.

8426.jpg

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЭКСКУРСИЯЛАР

Жылжымалы экскурсиялар халықаралық, республикалық және қалалық көрме жобалары аясында өткізіледі.

"Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрме жобасы 2017 жылы басталды. Көрме Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасымен шетелдік көрерменді таныстырады. Көрмеде Тақсай, Талды-2, Берел, Орталық және Оңтүстік Қазақстан, Жетісу сынды сақ қорғандарынан табылған археологиялық бірегей олжалар көрсетілді.

Есік Алтын адамы - халықаралық жоба аясында әлемнің 14 музейінде ұсынылған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің басты экспонаты. Көрме Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Солтүстік Македония, Түркия, Малайзия, Грекия, Үндістанда және Башқұртыстан үлкен жетістікпен өтті.

ҚР Бас прокуратурасында, ҚР ІІМ-де және басқа да ұйымдарда көшпелі көрмелер елорда қонақтарына Қазақстанның мұрасын таныстыра отырып, осы мекемелердің базасында өткізіледі.

«ЖҰЛДЫЗДЫ ГИД» ЖОБАСЫ

«Жұлдызды гид» жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2015 жылдан бастап дәстүрлі түрде 21 ақпанда Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілер күніне орай өткізіледі.

Экскурсия жүргізушілердің кәсіптік мерекесі әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтіледі, әсіресе ірі қалалар – туристік орталықтарда аталған мереке өте танымал. Өздерінің кәсіптік мерекесін алғаш рет 1990 жылы Лондон қаласының экскурсия жүргізушілері атап өткен болатын. Бұл күнді атап өту бастамасын Экскурсия жүргізушілер ассоциацияларының халықаралық федерациясы ұсынған.

51984.jpg

Жобаның басты мақсаты – Ұлттық музейдің қоғамдағы имджін арттыра отырып, экскурсия жүргізушілері қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру.

2015 жылы бастама алғаш қолға алынған кезде музейде экскурсия жүргізушілерінің орнына музей қонақтарына Қарақат Әбілдина, Құрмаш Маханов, Қалқаман Сарин, Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Гүлнұр Оразымбетова қызмет көрсетсе, 2016 жылы Қуандық Қыстықбаев, Алтынай Жорабаева, Әділ Ахмет, Индира Расылхан мен Шаһаризат Сейдахмет қатысты.

8426.jpg

2018 жылы Айгүл Иманбаева, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, Жеңіс Ысқақова, Дос, Дәурен Серғазин мен Нұркен Өтеуілов музей қонақтарын қарсы алса, 2019 жылы Ұлттық музейдің 5 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған жобаға Лейло Бекназар-Ханинга, Тамара Асар, Сүндет Байғожин, Майя Бекбаева мен Динара Сәтжан қатысты.

Ал 2020 жылы музей қонақтарына Бағдат Сәмединова, Жасұлан Жүрсінұлы, Майра Төлепберген, «Назар» тобы, Данияр Жұмаділов сынды танымал өнер жұлдыздары экскурсия жүргізді.

«МУЗЕЙ ТҮНІ» АКЦИЯСЫ

ҚР Ұлттық музейінде жыл сайынғы дәстүр бойынша "Музей түні"акциясы өтуде. Елорда тұрғындары мен қонақтары Ұлттық музейге тегін барып, мерекелік іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алады. Іс-шаралар түнге дейін өткізіледі. Қонақтарға экскурсиялардың әртүрлі түрлері ұсынылады: шолу, тақырыптық, театрландырылған, экскурсия-квест.

51984.jpg

«МУЗЕЙ МӘРТЕБЕЛІ ҚОНАҚТАР КӨЗІМЕН» ЖОБАСЫ

Жобаның негізгі мақсаты-музейдің құрметті қонақтары мен ресми делегацияларының жылы лебіздерін, тілектері мен құттықтауларын жариялау. Мәртебелі қонақтардың келуі музей тарихының маңызды беттерінің бірі болып табылады.

РЕСМИ ДЕЛЕГАЦИЯЛАРДЫҢ САПАРЛАРЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қолданылып жүрген халықаралық практикаға және қалыптасқан дәстүрге сәйкес шетелдік делегацияларды, мемлекеттік және саяси қайраткерлерді аса жоғары және жоғары деңгейде қабылдауға байланысты түйінді іс-шараларды өткізуді реттейді.

«БІР ЖӘДІГЕР ТАРИХЫ» ЖОБАСЫ

Жобаның мақсаты-музей жәдігерлерінің шығу тарихы, жасалу жолы, Қазақстан тарихындағы алатын орны сынды қызықты деректерді халық назарына ұсыну.