Ғылыми-әдістемелік жұмыс қызметі

Ғылыми-әдістемелік жұмыстар қызметі үш бөлімнен тұрады: «Археология және этнография», «Қазақстан тарихы», «Өнертану». Ғылыми-әдістемелік жұмысты өз саласының жоғары білікті мамандары: археологтар, тарихшылар, этнографтар, өнертанушылар – барлығы 23 қызметкер атқарады. Олардың ішінде 1 ҚР ҰҒА академигі, 1 филология ғылымдарының кандидаты, 1 PhD докторы және 13 магистр бар.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстар қызметінің мақсаттары мен міндеттері:
* Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, ғылыми конференциялар мен семинарларды өткізуге қатысу.
* Музейдің мақсаты мен міндеттеріне жауап беретін ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету.
* Қызмет бейініне сәйкес ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру, өңірдің басқа музейлері мен галереяларында көрмелердің экспозицияларын құруға ғылыми-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.
* Ғылымды, тарихты дәріптеу ісінде мекемелермен, ұйымдармен, шығармашылық одақтармен, мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
* Аймақтың, елдің және шетелдің ғылыми - зерттеу және білім беру ұйымдарымен серіктестік ғылыми байланыстарды ұйымдастыру.


«АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ» БӨЛІМІ
Археология ғылыми-зерттеу бөлімі археологиялық зерттеулер жүргізумен, музейдің ғылыми қорының археологиялық экспонаттарын сараптаумен, оларды құжаттаумен айналысады, экспозициялық көрмелер ұйымдастырады. Сонымен қатар, мұражай қызметкерлері археологиялық экспедициялар, ел аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді барлау, қазба жұмыстарын жүргізуде. Археология бөлімінің мамандары өз зерттеулерімен палеолит дәуірінен қазіргі уақытқа дейінгі көптеген мәселелерді қамтиды.
Археологиялық экспедициялар бөлімнің ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Олар, бір жағынан, мұражай коллекциясын жүйелі түрде толықтырудың қуатты көзі, екінші жағынан, мұражай қызметкерлерінің біліктілік деңгейін жоғарылатудың өте тиімді далалық мектебі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, экспедициялық материалдар мұражайдың зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру үшін ғылыми негізделген дереккөз базасы болып табылады.
Этнография бөлімі қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу, дәріптеу және сақтау жұмыстарын жүргізеді. Бөлім қызметкерлері музейдің ғылыми-зерттеу, ғылыми-экспозициялық, ғылыми-іздестіру, ғылыми-экспедиция, сондай-ақ ғылыми-қор жұмыстары аясында міндеттер атқарып келеді.
Ғылыми зерттеулерді іске асыру нәтижелері бойынша ғылыми басылымдар, оның ішінде археология және этнография бойынша ғылыми каталогтар шығарылады. Олардың барлығы республикамызда ғана емес, бірқатар шет елдердің ғылыми орталарында мамандар мен ғылыми қоғамдастықтың жоғары бағасын алды.
Музей қызметкерлерінің республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар мен басқа да ғылыми форумдар мен іс-шаралардың жұмысына қатысуы мұражайдың ғылыми-зерттеу қызметінің жетістіктері мен нәтижелерінің халықаралық мойындалуы мен талап етілетіндігін куәландырады.


«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» БӨЛІМІ
«Қазақстан тарихы» бөлімі музей қызметінің мақсатына, міндеттеріне сәйкес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, мәдени-ағартушылық, ғылыми баспа, ғылыми -қор және ғылыми экспозициялық жұмыстарды жүзеге асырады.
Мақсаты – музей қоры топтамалары негізінде Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеп, зерделеу.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:
– музей қорларында, мемлекеттік мұрағаттарда, кітапханаларда сақталған топтамаларды зерттеу;
- экспозициялар мен көрмелердің тұжырымдамаларын әзірлеу, ғылыми мақалалар шығару.
- ғылыми конференцияларға, семинарларға, зерттеулерге, ғылыми экспедицияларға қатысу.
- құрылымдық бөлімшелерге Музейдің ғылыми қызметі бойынша консультативтік көмек көрсету.


«ӨНЕРТАНУ» БӨЛІМІ
«Өнертану» бөлімі Жарғы ережелеріне және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің» ғылыми тұжырымдамасына сәйкес ғылыми қызметті жүзеге асырады. ҚР Ұлттық музейінің базасында Қазақстан бейнелеу өнерін (кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін) және шетелдік суретшілерді зерттеу және танымал ету бойынша бірыңғай және белсенді ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға және одан әрі жетілдіруге қатысады.
«Өнертану» бөлімінің негізгі мақсаттары:
- көрмелерді жобалау және өткізу;
- «бейнелеу өнері» бағыты бойынша музей қорларын толықтыру тұжырымдамасын әзірлеу;
- экспозиция тақырыбы бойынша материал дайындауды қамтамасыз ету;
- музей заттары мен коллекцияларын зерттеу;
- бейнелеу өнері туындыларына сараптамалық қорытынды жасау.