ҚР Ұлттық музейі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының мамандары тәжірибе алмасты

Бүгін 2023 жылдың 5 шілде күні ҚР Ұлттық музейінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» көрмесінен тақырыптық лекция өтті.

Лекция барысында Ұлы Жібек жолы торабындағы Қазақ өркениетінің алтын діңгегі – Отырар өңірінің ортағасырлық тарихы көпшілікке насихатталды.

Ұлттық музей қызметкерлері «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының таныстырушысы Әмзе Нұрсейіт Номанұлына тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, екі музей мамандары бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Тақырыптық лекцияда Отырар даласында Ұлы Жібек жолы арқылы сауда қатынастарының дамуы және Қарахан дәуірінен бастап, Қазақ хандығына дейінгі қалалық мәдениеттің өркендеуі, сонымен қатар жазба мәдениетінің дамуынан хабар беретін археологиялық жәдігерлер туралы кеңінен айтылды.

Аталмыш шараның басты мақсаты – музейлер арасында ынтымақтастықты нығайту, музей мамандары арасында тәжірибе алмасу.