Сондай-ақ, Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады. Баяндама барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар маңызды міндеттерді қойып, ҚР Үкіметіне, ҚР Парламент депутаттарына нақты тапсырмалар берді. Эко¬номиканың ұзақ мерзімді өсімін қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс екенін айтты.
Аталған жиынды ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері ұжым болып тамашалады.
Енді ҚР Конституциясы 65-бабының 2-тармағы бойынша, Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізетін болады.