2023 жылы 10 наурызда сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Шындық немесе шынайылық?» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
Көрменің мақсаты - келушілерді испан мәдениетімен таныстыру, сонымен қатар Хосе Мария Каноның ерекше техникасын көрсету, болашақ суретшілдердің қызығушылығын арттыру, энкаустика техникасының құпиясын сезіну.
Суретші 1959 жылы Мадридте дүниеге келген. 10 жасынан сәулет институтына түсуге дайындалу үшін Рафаэль Идальго де Кавьедес академиясына, содан кейін «Artaquio» академиясына барды. Сәулет факультетінің бірінші курсында ол энкаустика шеберлігін суретші болған формаларды талдаумен айналысатын профессор суретшіден үйренеді.
Хосе Мария Кано 2002 жылы кәсіби түрде жұмыс істей бастады және оның алғашқы көрмесі 2004 жылы Крейг Робинстің жеке кеңістігінде өтті. Мексикалық галереяшы Рамис Барке бұл көрмені көргеннен кейін Хосе шығармаларынан өзінің коммерциялық көрмесін ұйымдастырады. Кано – Мадрид, Лондон, Милан, Шанхай, Пекин, Ханой, Киев, Мәскеу, Прага, Варшавадағы көптеген көрмелердің қатысушысы.
«Шындық немесе шынайылық?» көрмесін құрайтын барлық жұмыстар энкаустика – «өртеу өнері» техникасында орындалған. Суретшінің палитрасына кіретін негізгі байланыстырушы компонент – балауыз.
Сондай-ақ, көрмеде ұсынылған барлық 19 картинасында Кано түнгі шырақтың жұмбақ жарығына жүгінеді. Ол «Мекано» поп-группасының мүшесі болған кезде Айға өзінің ең танымал болған «Айдың ұлы» ән-балладасын арнаған болатын. Кейін ол Лондонда қойылған премьерасында басты партияны Пласидо Доминго орындаған «Ай» операсын жазды. Каноның каталогына арналған эссесінде Марко Ливингстон: «Кано туындыларында Ғалам жаратылысының жұмбақтығы сияқты тылсым әрі түсіндіруге келмейтін әлем жасалады», - деп атап өтті.
Экспозицияны 2023 жылдың 27 наурызына дейін Ұлттық музейдің 6 қабатында орналасқан Уақытша көрме залында тамашалауға болады.