Қазақстан мен Қытай музейлері ынтымақтастық орнатты

Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы мен Қытай Халық Республикасының Баоцзи қаласындағы Қола дәуірі музейінің директоры Бянь Яни өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісім – мәдени мұраны сақтау, көрмелер ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және тәжірибе алмасу салаларындағы екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңін бастайды.

Салтанатты рәсім аясында Қытай тарапы қазақстандық музейге «Қола Алтын адаммен кездеседі» атты көркем туындыны тарту етті. Бұл сыйлық – қос халықтың бай тарихи-мәдени мұрасының үндестігін білдіреді.

Рәсім соңында делегация мүшелері Ұлттық музей залдарын аралап, еліміздің мәдени құндылықтарымен жақын танысты.