Әдеп кодексінің нормалары талқыланды

25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Қызметкерлердің этикалық мәдениетін арттыру және тәжірибелік қолдану контекстіндегі Этикалық кодекс нормалары» атты семинар өтті.

Іс-шара 2024 жылға арналған тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес ұйымдастырылды. 

Оған спикер ретінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бизнес-жаттықтырушысы, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мадина Наурызбек қатысып,сөз сөйледі.

Семинардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін әдеп нормаларын түсіндіру, олардың кәсіби мінез-құлқын нығайту және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөніндегі міндеттерді айқындау болды. Іс-шара қызметкерлер арасында этикалық нормалар мен стандарттарды нығайтуға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.

Кездесуде ҚР Ұлттық музейінің қызмет және бөлім басшылары сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен және пікірлерімен бөлісті.