Қазақстан музей конгресі аясында Ұлттық музей мен Иран Ұлттық музейі, Қытайдың Ұлттық Жібек музейі және Шаньдун музейі, Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану музейі, Өзбекстанның Бейнелеу өнері галереясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум музей ісін ілгерілету саласында әріптестіктің дамуына ықпал етіп, көрме ұйымдастыру, ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруды көздейді.
Конгресс аясында Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі Қытай Ұлттық Жібек музейімен, Әзірет Сұлтан ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Әзірбайжан кілем музейі және Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану музейлерімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ, Ә.Қастеев атындағы өнер музейі мен Әзірет Сұлтан музей-қорығы ТҮРКСОЙ Музейлер бірлестігінің құрамына кірді.
Конгресс қатысушыларға өзара ынтымақтастық келешегін талдауға, болашақ серіктестердің мүдделері мен қажеттіліктерін ұғынуға, жаңа идеялар мен жобаларды талқылауға мүмкіндік берді. Конгресс аясында өткен B2B-кездесулер:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің Қытай Ұлттық Жібек музейі және Лувр музейімен кездесуі;
- Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен Universcience (Франция);
- «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Франция Ұлттық ескерткіштер орталығы (CMN) және Ұлттық превентивтік археологиялық зерттеулер институтының (INRAP) кездесуі;
- Иран Ұлттық музейі мен Лувр музейі;
- ТҮРКСОЙ Музейлер бірлестігі мен Universcience (Франция);
- Өзбекстан мемлекеттік тарих музейі мен Францияның Ұлттық ескерткіштер орталығы (CMN);
- Қытайдың Шаньдун музейі және Universcience (Франция)
- Тәжікстанның Ұлттық музейі мен Франция Ұлттық ескерткіштер орталығы (CMN).