12 мемлекеттен жиналған ғалымдар көшпенділер мәдениетін талқылады
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ғылыми бағдарламасының аясында Ұлттық музейде дала өркениетінің бай мұрасын зерттеуге арналған конференция басталды.
Конференцияның ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ЮНЕСКО (ICHCAP) ұйымына қарайтын Азия және Тынық мұхиты аймағындағы материалдық емес мәдени мұраға жауапты халықаралық ақпараттық-желілік орталығының бас директоры Ким Жисунг, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова қатысты.
9-11 қыркүйек күндері конференция барысында 12 мемлекеттің ғалымдары, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларусь өкілдері ғылыми баяндама жасайды.