2024 жылғы 22 тамызда ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Тәжікстан Республикасында Қазақстанның мәдениет күндері аясында Душанбе қаласында «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі ашылды.
Көрмеге ҚР Ұлттық музейі және Астана қаласы әкімдігінің музейлер бірлестігі дирекциясының қорларынан жәдігерлер ұсынылды.
Көрменің негізін XVIII – XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрады. Жұртшылық назарына кілемдер, киізден жасалған бұйымдар, зергерлік өнер туындылары, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар мен ат әбзелдері ұсынылды.
Мақсаты – шетелдік көрерменді қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру.
Көрмені Қазақстан мен Тәжікстанның үкімет мүшелері, саяси қайраткерлер, дипломатиялық корпус пен зиялы қауым өкілдері қатысты.