Ұлттық музейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

21 маусым күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар дәрісі өтті.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының аға офицері Гүлназ Сағандықова бұл бағыттағы заңнама талаптарын түсіндіріп, музей қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.