ҚР Ұлттық музейі директорының м.а. Айбек Сыдыков музей ұжымын Республикамыздың айтулы мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елімізде жасап жатқан еңбектеріне табыс тіледі.
Сондай-ақ Айбек Жексеналыұлы Ұлттық музейде жылдар бойы дәстүрлі жалғасын тауып келе жатқан үстел теннисі, футбол, волейбол сияқты спорттық ойын түрлерінен жарысқа қатысып, жеңімпаз атанған бір топ қызметкерлерді марапаттады.
Үш аптаға созылған тартысты спартакиаданың қорытындылары:
Футбол
1 орын – «АРЫСТАН» командасы Инжинерлік-техникалық қызметі
2 орын - «АЛТЫН АДАМ» командасы Ғылыми-әдістемелік жұмыстар қызметі
3 орын - «КҮЛТЕГІН» командасы Ұйымдастыру-көрме және имидждік жұмыстар қызметі
Волейбол
1 орын – «АЛТЫН АДАМ» командасы Ғылыми-әдістемелік жұмыстар қызметі
2 орын – «АСТАНА» командасы Әкімшілік құрамасы
3 орын - «КҮЛТЕГІН» командасы Ұйымдастыру-көрме және имидждік жұмыстар қызметі
Үстел теннисі
Қыздар
1 орын - Сүйіндікова Перизат Алпысбайқызы
2 орын – Халимбай Амангүл
3 орын – Ахметқалиева Гүлжанат Кажакановна
Ұлдар
1 орын – Асылбеков Қалибек Мухамедбекович
2 орын – Хасенов Сырым Серикказинович
3 орын – Жүсіпназар Мағжан Ибрагимұлы