2023 жылы 9 маусым күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті диссертациялық кеңесінің ұйғарымымен ҚР Ұлттық музейі Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институты «Қасиетті Қазақстан» бөлімінің ғылыми қызметкері Гүлзабира Әбікенқызы Шауенова философия докторы (PhD) атанды.
Гүлзабира Шауенова – «Қасиетті Қазақстан» төрт томдығының құрастырушысы, «Жалпыұлттық маңызы бар нысандар» және «Жергілікті нысандар» еңбектері авторларының бірі.
12 маусым күні Музей ұжымының атынан директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ақмарал Ғосманқызы Ибраева Гүлзабира Шауенованы құттықтап, ғылым жолында сәттілік пен жетістіктер тіледі.