Афиша

Монументалды өнер шебері М. Антонюктің 90 жылдығына арналған көрме ашылады

Монументалды өнер шебері М. Антонюктің  90 жылдығына арналған көрме ашылады

2025 жылдың 11 сәуірінде сағат 16:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейде Қазақстанның монументалды өнерінің ең жарқын өкілдерінің бірі Михаил Антонюктің 90 жылдық мерейтойына орай «Өз дәуірінің суретшісі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

Көрме жарты ғасырдан астам уақыт бойы мәдени өмірдің белсенді қатысушысы ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұрпақтың шабытын оятқан суретші шеберлігінің жарқын көрінісі болып табылады. Экспозицияда халық мотивтері мен дала халқының тарихын бейнелейтін қазақ ою-өрнектерінің дәстүрлерінде орындалған жұмыстарды көруге болады. Антонюктің картиналары, мозаикалары менвитраждары – бұл композицияның ырғағы мен салтанатына толы «түс мерекесі».

Көрме 2025 жылғы 11 сәуір мен 11 маусым аралығында ҚР Ұлттық музейінің 7-қабатындағы уақытша көрмелер залында жұмыс істейді.