Афиша

Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» туындысының көрмесі

Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» туындысының көрмесі
2024 жылғы 7 маусымда Қазақстан Ресубликасының Ұлттық музейінде «Әдемі ханшайым» көрмесі ашылады.

Леонардо да Винчидің құпия және құнды жауһарларының бірі La Bella Principessa (Әдемі ханшайым) Қазақстан жұртшылығына ұсынылады. Сурет Варшавадағы Сфорциада кодексінен алынған және Милан герцогы Людовико иль Мороның қызы әрі генерал-капитан Галеаццо Сансевериноның жұбайы Бьянка Джованна Сфорцаның қырынан салынған бейнесі деп есептеледі. La Bella Principessa – шебердің пергаменттегі жалғыз туындысы болып табылады.

La Bella Principessa – Леонардо да Винчидің XV ғасырдың аяғында салған туындысы, онда италиялық ақсүйек отбасынан шыққан жас қыздың портреті бейнеленген. Жоғалып, кейін қайтадан табылған туынды шебердің құпияға толы және таңғажайып туындыларының бірі болып табылады. Бұған дейін картина бүкіл әлем бойынша бес рет қана көрсетіліп, әр уақытта сыншылар мен көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырып келеді.

Елорданың барлық қонақтары мен тұрғындарын Леонардо да Винчидің әйгілі шығармасының әсемдігін тамашалау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне шақырамыз.

Иммерсивті технологиялар қолданылған көрме Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 4-қабатында орналасқан Мультимедиа залында 7 маусымнан 4 тамызға дейін өтеді. Билеттер музей кассасында және Ticketon сайтында сатылады. Құны: 1000-1700 ₸ (келушілер санатына қарай).

Назар аударыңыз!
Дүйсенбі демалыс күні, айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн. Бұл күндері музей келушілер үшін жабық.