«Суреттер сыр шертеді» атты музейлік сабақ

25 қаңтар күні Ұлттық музейде «Суреттер сыр шертеді» атты музейлік сабақ өтті. Шараның мақсаты – оқушыларға бейнелеу өнері туралы мағлұмат бере отырып отандық қылқалам шеберлерінің жұмыстарын насихаттау. Шара барысында ҚР Ұлттық музейі Өнертану бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Маржан Мұсатай оқушыларға бейнелеу өнерінің қалыптасу тарихы мен қылқалам шеберлері, олардың жұмыстары жайлы баяндады. Сонымен қатар, балалар қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі – Әбілхан Қастеевтің өмір жолымен, хас шебердің музей қорында сақталып тұрған туындыларымен танысты. Шараға қатысқан №2 өнер мектебінің оқушылары сабақ кезінде сурет салып, арнайы дайындаған түрлі тапсырмаларды орындады.