«Әлкей әлемі» тақырыбындағы дәріс

Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ғалым, археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 120 жыл толуына арналған  «Әлкей әлемі» тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс кезінде Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Айнара Бейбіт ғалымның археология саласындағы зерттеулері туралы айтса, ҚР Ұлттық музейі «Қазақстан тарихы» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, PhD Ернұр Рахимов этнография саласындағы еңбектеріне, Шоқантануға қосқан үлесіне кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі мен А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM-SCHOOL мектеп-лицейі оқушылары  ғалым туралы өлеңдер мен естеліктер оқып, сұрақтарға жауап берді.  

Дәріс соңында қатысушылар ҚР Ұлттық музейінің қорында сақталған Ә. Марғұланның жеке заттары – қолжазбалары мен кітаптары, тұтынған заттары қойылған көрмемен танысты.